Закажите бесплатную консультацию
Специалист свяжется с вами в ближайшее время
Что вас интересует?
Ваши данные не передаются третьим лицам
100 күн - 100 сұрақ

Құрметті отандастар!


​Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» негізгі қағидаттарын іске асырудың маңыздылығын назарға ала отырып, Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сауалдарына уақтылы және тез көңіл бөліп, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыру бойынша бүкіл күш-жігерін жұмсайды.


​Соған байланысты, жұмыста ашықтық пен жариялылықты ұстанып, біздің азаматтарымыздың мүдделеріне басымдық бере отырып, бюрократиясыз, қарапайым азаматтардың, қоғам мүшелерінің қатысуымен сіздермен ашық диалог құру үшін қолдау көрсетуге шақырамыз және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін «100 күн - 100 сұрақ» бірлескен жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз.


Төменде көрсетілген веб-сайттын формасына медициналық көмектің сапасын жақсарту мен денсаулық сақтаудың басқа да аспектілері туралы өз ұсыныстарыңызды енгізуді сұраймын.

Құрметпен, Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі